Басыңыз ауыра ма? Ауырсынуды басатын заттарды қабылдауға асықпаңыз!

Басыңыз ауыра ма? Ауырсынуды басатын заттарды қабылдауға асықпаңыз!

         Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша бас ауруынан ерлердің үштен екісі және әйелдердің 80%-дан астамы азап шегеді және бас ауруының кеңірек таралған түрі «бастың кернеп ауыруы».

         Кімнің басы ауырмайды? Бас ауыруы жағымсыз жағдай тудырады және адамды қуатынан айырады. Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы Сіздерге бас ауыруының симптомдары бар пациенттерге арналған ұсыныстар  береді, онда тиімді емдеудің негізгі компоненттері осы проблема туралы хабардар болу, дұрыс диагноз қою, дұрыс емдемеудің алдын алу және дәрілік заттарды сауатты пайдалану болып табылады.

«БАСТЫҢ КЕРНЕП АУЫРУЫ» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Бастың кернеп ауыруыбастың екі жағында басылмайтын ауыруды сезіну.  Сондай-ақ мойын бұлшықеттерінің ширығуы және көз алмасының батып ауыратындығы сезіледі. Бас ауыруы әдетте бірнеше сағаттан бастап бірнеше күнге дейін  созылады. Бастың кернеп ауыруы бірінші және екінші деп бөлінеді. Бірінші басқа ауырулармен байланысты болмайды.  Ол күйзелудің, көздің қылилануының немесе қолайсыздықтың белгісі болуы мүмкін. Екінші бас ауыруы өмірге қауіп төндіретін мидың ісігі, гипертоникалық  криз, инсульт, менингиттен бастап қаупі азырақ ауырулар сияқты  әртүрлі себептердің нәтижесінде туындауы мүмкін,  кең таралған себептері кофеинді шамадан тыс пайдалану және анальгетиктерді қабылдауды тоқтату болып табылады.    

Егер бас ауыруыңыз:

  • жиі қайталана бастаса немесе өте ауыр болса;
  • кенеттен пайда болса және алдында болған жағдайларға ұқсамаса;
  • дене қызуының көтерілуі, жүрек айнуы және құсумен қатар жүрсе;
  • жарақаттану нәтижесінде туындаса;
  • бастың айналуы, жансыздану, естен танумен қоса жүрсе медициналық көмекке жүгінген жөн.

СЕБЕПТЕРІ. Бастың кернеп ауыруының себебі айқындалмаған, алайда, оның туындауына әсер ететін факторлар болады.

ЕМІ.Бастың кернеп ауыруы, әдетте, ол туындаған кезде релаксация техникасын пайдаланғанда, өмір салтын өзгерткенде немесе ауыруды басатын шипашақсыз препараттарды қабылдаған кезде басылуы мүмкін.

Ауырлығы орташа, аптасына 1-2 реттен жиі қайталанбайтын бастың кернеп ауыруы ешқандай күрделі емдеуді қажет етпейді. Көптеген жағдайларда,  бас ауыруынан арылу немесе оны едәуір жеңілдету үшін өмір сүру салтын және жұмысты біраз өзгерткен жеткілікті болады.  

Тәулігіне 7-8 сағаттан аз ұйықтамауға тырысыңыз. Егер таңертең ерте тұру керек болса – ұйықтауға ертерек жатыңыз.

Жақсы тамақтануға тырысыңыз (тәулігіне 3-4 реттен кем емес) және 2 литрден кем болмайтын сұйықтық (шәй, кофе және ішімдіктерден басқа)  ішіңіз.

Дем алыңыз және бойыңызды еркін ұстаңыз, үзіліс ұйымдастырыңыз, массаж жасаңыз немесе жылы душ қабылдаңыз, серуендеңіз немесе дене жаттығуларымен айналысыңыз.

Көбірек қозғалуға және таза ауада көбірек жүруге тырысыңыз.

Жаман!

üкүйзелу, торығу, үрейлену;

üшаршау, айқай-шу, ұйқысыздық;

üқолайсыздық, жарық сәуле;

üкөздің, құлақтың, мұрынның, тістің қабынуы;

üжүрек, тамыр, бүйрек, бауыр аурулары;

üгормондық теңгерімсіздік (әйелдерде, жасөспірімдерде);

üдәрілік заттарды жиі қолдану.

АУЫРСЫНУДЫ БАСАТЫН ПРЕПАРАТТАР

 Өмір салтын өзгерту және демалу бас ауыруын басуға көмектеспеген жағдайда дәрі қабылдауға болады. Алайда, ауырсынуды басатын дәрілік препараттар аурудың себебіне әсер етпейтіндігін, бастың кернеп ауыруының белгілерінен ғана арылтатындығын есте ұстаңыз! Әдетте бастың кернеп ауыруының сирек жағдайларын (айына 5 ұстамаға дейін) емдеуге қабынуға қарсы препараттар қолданылады.  Препараттың қолдану жөніндегі нұсқаулығына тура сәйкес толық дозасын қолданған дұрыс. Парацетамол Ибупрофенге қарағанда тиімсіздеу, бірақ кейбір адамдарға жағымдырақ. Әрқашан дәрілік препаратқа қоса берілген нұсқаулықты мұқият сақтаңыз. 

Бұл препараттарды жиі қолдану ауыруды сезіну шегін төмендетеді  және бас ауыруы ұстамасының жиілігін арттыратындығын есте ұстаңыз.

Ауыруды басатын заттарға сақ болыңыз!

Бас ауыруы кезінде ауыруды басатын заттарды ұдайы қабылдаудан жаман ем жоқ. 

Ауырсынуды басатын кез келген затты, дәрігер тағайындаса да немесе еркін саудада болса да, бас ауырған кезде аптасына екі реттен артық  қолдануға болмайды.

Анальгинді қабылдауға асықпаңыздар!

Натрий метамизолын (Қазақстан Республикасында Анальгин, Баралгин, Спазмольдин препараттары тіркелген) 39 елде қолдануға  тыйым салынған немесе  анафилактикалық реакциялар болған жағдайлар артып келе жатқандықтарынан, қан түзілуі қиындауына байланысты оны қолдану пациенттің ауыр жағдайымен шектелген. (ДДҰ).

Сақ болыңыз – Құрамында кодеин бар препараттар!

         ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі құрамында кодеин бар препараттарды - Солпадеин, Юниспаз, Пенталгин-П, Антизпазм 2011 жылғы қараша айынан бастап еркін сатуға тыйым салуды енгізді. Бұл препараттарды арнайы дәрігердің шипашағы бойынша ғана сатып алуға болады.   Бұл шараға құрамында кодеині бар препараттарды шектен тыс қолдану жағдайларының көбеюіне, «дәріханалық нашақорлықтың» таралуы себепші болды.  Бұған қоса, кодеинге тәуелділіктің даму қаупін азайту үшін құрамында кодеині бар препараттарды қабылдаудың ұсынылатын ұзақтығы 3 күнге дейін қысқартылды.

         Жаксы!

    Ауыруды қоздыратын факторларды анықтаудың және жоюдың маңызы зор: ашығу, ішімдік қабылдау, ұйқының қанбауы, күйзелу, қатты шаршау. Өз денсаулығыңызға Сіз ғана жауапты екендігіңізді, және кез келген қате шешім Сіздің жалпы жай-күйіңізге жағымсыз әсер етуі мүмкін екендігін есте ұстағаныңыз жөн!

ДАТО-ның Call-қызметіне қоңырау шалыңыз! Елдің әрбір тұрғыныншынайы және дәлелді ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрлігі 2009 жылдан бастап Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының негізінде бүкіл ел бойынша Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының қызметін ұйымдастырды.    

Тек қана 2014 жылдың 7 айы ішінде біздің еліміздің 19 мыңнан астам тұрғыны Call-қызметінің тегін телефоны - 8 800 080 88 87 және  www.druginfo.kz ресми сайты бойынша дәрілік заттарды дұрыс қолдану туралы кеңес алды.

Орталығымыздың халық арасындағы даңқы арта түсетіндігіне, және дәрі-дәрмектер және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі азаматтардың құқығы туралы қажетті ақпарат алуда таптырмайтын көмекші болатындығына үміт артамыз.

Біздің қызметіміз Сіздерге арналады!

  

ҚР ДСМ «ДСДРО» ШЖҚ РМК

Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы

Қостанай қ., Быковский к-сі, 4а,202кеңсе.

                                                          тел: 8(7142)266-188

Схема проезда | Как нас найти | Автобусы: №2, №22, №106

© 2012-2017, КГП "Костанайская областная
детская стоматологическая поликлиника"
телефон:
 
8 (7142) 39-18-90, 54-05-48 - тел.доверия
8 (7142) 54-59-69 - для справок
Email:
факс:
doc@detstomat.kz
8 (7142) 54-18-51
Пн-Пт 8:00-20:00
Cб 9:00-15:00
Вс - выходной